Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан хоккейшілері топ көшбасшысы Германияны жеңіп кетті (видео)

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы жеңісті тойлауда
Қазақстан құрамасы жеңісті тойлауда. Фото: sport.ria.ru

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы отандық спортшылар негізгі уақытта топ көшбасшысы Германияны 3:2 есебімен жеңіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші кезеңде қос команда да шайба салмады. Алайда, артынан қарсыластар бір-біріне шабуылдарды жиілете түсті.

Матч есебін Александр Шин ашты.

Одан кейін Том Кюнхакль есепті теңестірді.

Оның артынан командаласы Маркус Айзеншмид тағы бір шайба салып, Германия құрамасын алға шығарды.

Алайда немістердің қуанышы ұзаққа созылмады. Қазақстандың Роман Старченко буллит сәтті орындап, есепті 2:2 жасады.

Матчтың соңғы нүктесін Павел Акользин қойды. Оның сәтті шабуылы құрамамызға жеңіс сыйлады.

Матч нәтижесі бойынша Қазақстан турнирлік кестедетөртінші орынға шықты. Бұл отандастарымызға турнирдің плей-офф кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді. Ал Германия құрамасы жеңіліске қарамастан, бірінші орнын сақтап қалды.

Турнирлік кесте
B тобының кестесі. Фото: flashscore.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1914591-qazaqstan-xokkeisileri-top-kosbassysy-germaniyany-zenip-ketti-video/

pixel