Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин рингке бір боксшымен екі мәрте шықпақшы

Опубликовано:

Казахстанский боксер Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Omar Vega/Contributor/Getty Images

Геннадий Головкин командасының биылғы жоспарлары белгілі болды. Олардың ойынша, көптен күткен "Канеломен" трилогия жасау жоспары қазір басымдыққа ие емес.

Биылғы жылы қазақстандық екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр: біріншісі – осы жазда, екіншісі – жылдың соңында.

"Сонымен қатар, екі жағдайда да ол рингте жапондық Риота Муратаға қарсы жұдырық түйістіреді", - деп хабарлады GGG жоспарларымен таныс дереккөз - World Boxing News.

Алдын ала белгілі болғандай, Головкин мен Мурата Жаңа жыл қарсаңында шаршы алаңда жұдырықтасып, бақ сынасады. Бірақ бұған дейін олар бір бокс кешінде әртүрлі қарсыластармен кездеседі. Бұл аралықтағы жекпе-жектер тамыздың соңында немесе қыркүйектің басында өтуі ықтимал.

Еске салсақ, әлемдік аренада еліміздің атағын шығарып жүрген Геннадий Головкин Қазақстанға келген еді.

Орта салмақтағы бірнеше титулдың иегері Алматыда өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысқан. Генадий Головкиннің қолы қойылған қолғабы сатылымға шығарылды. Айта кетейік, іс-шараға боксшының бауыры Максим мен UFC-дің файтері Зубайра Тухугов та қатысты.

Сондай-ақ, америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздік боксшы деп танылды. Ал екінші орынға Эззард Чарльз, үшінші орынға Мэнни Пакьяо жайғасты. Арчи Мур, Рэй Робинсон, Джо Калзаге, Хуан Мануэль Маркес, Бернард Хопкинс, Андре Уорд және Владимир Кличко ТОП-10 қатарына енді. Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин болса, 13-орында тұр. Ол Мұхаммед Әли, Оскар де ла Хойя және Рой Джонс сияқты аты аңызға айналған боксшыларды басып озған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1914722-golovkin-ringke-bir-bokssymen-eki-marte-syqpaqsy/

pixel