Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал спортшы теракт кезінде қаза тапқан оқушылардың отбасыларына көмектесу үшін медальдарын сатпақ

Опубликовано:

спортшы11
Хуссейн Бахш Сафари: centralasian.org сайты ұсынан видеодан кадр

MMA (Mixed Martial Art - аралас жекпе-жек өнері) шебері Хуссейн Бахш Сафари алтын жүлделерін Дубайдағы аукционда сатып, одан түскен ақшаны Кабул мен Лугардағы терактілерде қаза тапқан оқушылардың отбасыларына бермек деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Айта кетейік, 8 мамырда ауған астанасында мектептің қасындағы ғимаратта болған жарылыстан, ресми мәлімет бойынша, 60 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланған. Жарылыс оқушылар мектептен енді шығып келе жатқан кезде болған.

Содан бірнеше күн бұрын Ауғанстанның шығысындағы Лугар провинциясының Пули Алам қаласында жарылыс болды. Автокөлікке қойылған бомбаның жарылуынан 26 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланған.

"Кабулдағы Саиди Шуҳадо мектебі мен Лугардағы жарылыстардан білімге құштар адамдар қаза тапты. Мен жүлделерімді сатып, содан түскен ақшаны осы терактілерден қаза тапқандардың отбасыларына және мектептерге бергім келеді ", - дейді Хуссейн Бахш Сафари.

Хуссейн алғашқы алтын жүлдесін 2017 жылғы қыркүйекте Түркіменстанда өткен Азия ойындарында джиу-джитсудан алған.

Ал соңғы жүлдесін ауған спортшысы 6 сәуірде Мәскеуде жеңіп алған. Eagle Fighting Championship (EFC) лигасының чемпионы атағы үшін таласта ол ресейлік Октябрин Яковлевтен басым түсті.

Хуссейн негізінен джиу-джитсумен шұғылданады, алты мәрте жеңіп, бір рет жеңілген. Спортшы барлығы 27 медаль алған. Ауғандықтар оны мақтан тұтады. Жанкүйерлері оған ақша ұсынып, алтын медальдарын сатпауын сұрап жатыр.

Дубайдағы аукцион қашан өтері әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1915004-tanymal-sportsy-terakt-kezinde-qaza-tapqan-oqusylardyn-otbasylaryna-komektesu-usin-medaldaryn-satpaq/

pixel