Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол: Чемпиодар лигасының жеңімпазы анықталды (видео)

Опубликовано:

Футбол
Фото: chelseablues.ru

Лондондық "Челси" клубы "Манчестер Ситиден" 1:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымын жеңіп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Футболдан Чемпиондар лигасының финалы Порту қаласындағы "Драгау" стадионында өтті.

Бірінші таймда екі клубта гол соғатын жүз пайыздық мүмкіндіктерге ие болды.

Ал есеп ойынның 42-минутында ашылды. Гол авторы "Челси" жартылай қорғаушысы Кай Хавертц.

Неміс футболшысы Александр Зинченконы алдап өтіп, "Манчестер сити" қақпашысы Эдерсоннан айласын асырды. Айта кетейік, бұл Кай Хавертцтің Чемпиондар лигасындағы алғашқы голы.

"Ситиде" матчтың 59-минутында есептті теңестіретін мүмкіндік туындады. Бұл сәтте "Челси" қорғаушысы Рис Джеймс өз айып алаңында қолмен ойнағандай көрінген. Алайда төреші видеоссистенттердің көмегімен пенальти болмағанын жеткізді.

Сонымен қатар, Хосеп Гвардиоланың шәкірттерінде ойынның соңғы минуттарында да гол ұратын мүмкіндікті сәтті пайдалана алған жоқ.

Осылайша, "Челси" араға тоғыз жыл салып Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Ал лондондық клубтың бапкері Томас Тухель түрлі командамен екі рет финалға шыққан тарихтағы тұңғыш жаттықтырушы атанды.

Айта кетейік, Томас Тухель өткен жылы ПСЖ-мен финалға шығып, шешуші ойында мюнхендік "Бавариядан" жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1915094-futbol-cempiodar-ligasynyn-zenimpazy-anyqtaldy-video/

pixel