Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыр Жүкембаев мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Калифорния штатының Карсон қаласында жекпе-жек өткізіп, Пуэрто-Рикодан келген Сабриэль Матиаспен (16-1, 16 КО) жұдырықтасты.

Бірінші жартылай орта салмақтағы айқас он екі раундқа жоспарланған.

Кездесу Маттиастың басымдылығымен аяқталды.

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің тоғызыншы раундта рингке шығудан бас тартқаны белгілі болды.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кездесудің төртінші раундында нокдаун алған.

Осылайша, Сабриэль Матиас өзінің кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласуға жақындады.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1915106-batyr-zukembaev-mansabynda-algas-ret-zeniliske-usyrady-video/

pixel