RU

Тоқаев Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады.
"Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын", – делінген құттықтауда.
Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тіледі", - деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, Бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан Азия чемпионатының алғашқы финалдық бәсекесі аяқталды. Алдымен құрлық додасының алтынына боксшы қыздар таласқан болатын.

Дубай төрінде Қазақстан командасының өкілдері сегіз алтын жеңіп алып, ел байрағын сегіз рет биікке көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1915315-toqaev-aziya-cempionatynda-zeniske-zetken-bokssy-qyzdardy-quttyqtady/