Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзбекстан өкілінен ұтылды": 18 жастағы қазақ боксшысы финалда тізе бүкті

Опубликовано:

Даниял Сәбит
Даниял Сәбит: olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды. Алғаш боп шаршы алаңда Қазақстан мен Өзбекстан командасының өкілдері кездесті деп хабарлайды Olympic.kz.

49 келідегі ақтық айқаста қазақстандық Даниял Сәбит пен өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедов кездескен болатын. Тартысты өткен жекпе-жекте Даниял өзбекстандық қарсыласына есе жіберді. Осылайша, өзбекстандық Мырзахмедов екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Айта кетелік, Даниял Сәбит Орал қаласында дүниеге келген. Бокспен 16 жасынан бастап шұғылданған. 18 жасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып, ересектер арасындағы алғашқы ірі жарысында күміс жүлдеге иелік етіп отыр. Алайда, 49 келі салмақ дәрежесі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген.

Азия чемпионатының финалына жалпы есебі бес қазақстандық спортшы шықты. Олардың қатарында Даниялдан бөлек, Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (90 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) бар.

Кеше әйелдер арасындағы финалдық сында Қазақстан командасы рекорд орнатып, құрлық додасының сегіз алтынын жеңіп алды. Қазақстан сапынан Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Римма Волосенко, Дина Жоламан, Милана Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаевалар чемпион атанды.

Марина Вольнова қола, Владислава Кухта күміс жүлдегер атанған.

Азия чемпионаты екі жыл сайын өткізілетінін естеріңізге саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1915335-ozbekstan-okilinen-utyldy-18-zastagy-qazaq-bokssysy-finalda-tize-bukti/

pixel