Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят жағдай": Бокстан Қазақстан командасы Азия чемпионатында алтынсыз қалды

Опубликовано:

Әбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманқұл: olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда бокстан ересектер арасындағы Азия біріншілігі мәресіне жетті. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылардың бірде-бірі чемпион атанған жоқ. Финалда Қазақстан атынан сынға түскен төрт спортшы Өзбекстан өкілдерінен, бір боксшы Үндістан өкілінен ұтылып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дубайдағы Азия біріншілігінің финалында Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын Қазақстан командасынан бес боксшы жұдырықтасты.

49 келідегі Даниял Сәбит Өзбекстан командасының мүшесі Нодиржан Мырзахметовтен ұтылды.

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Баба-Усмон Батыровпен кездесіп, жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылды. Төрешілер Абылайханның қабағы жарылып кеткен соң, сол сәтте алда тұрған өзбек боксшысын жеңімпаз деп таныды.

75 келідегі Әбілхан Аманқұл тағы бір өзбекстандық боксшы Саиджамшит Жафаровтан жеңілді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берген. Жеңіске жету үшін Әбілханның қарсыласын нокдаунға жібергені де көмектескен жоқ.

91 келідегі Василий Левит өзінің кезекті финалында ұтылды. Ол үндістанды Санжитпен кездесіп, төрешілер 1:4 есебімен үнділік боксшыны жеңімпаз деп таныды .

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық ежелгі қарсыласы Бахадүр Жалоловпен кездесіп, 0:5 есебімен ұтылды. Ол кездесу барысында нокдан алып қалды.

Осылайша, бокстан Қазақстан ерлер командасы Дубайдағы Азия чемпионатынан алтынсыз оралып отыр.

Айта кетелік, Азия чемпионатына қатысқан он боксшының сегізі шілде айында Токиода басталатын Олимпиада ойындарына қатысады.

Әлеуметтік желіде жанкүйерлердің бір бөлігі төрешілерді кінәласа, бір бөлігі боксшылардың әлсіздігін айтып, "Ұят болды", "Бокстан абыройымыз қалмапты" деген сыңайдағы комменттерін жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1915345-uyat-zagdai-bokstan-qazaqstan-komandasy-aziya-cempionatynda-altynsyz-qaldy/

pixel