Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық атақты спортшы бокстан уақытша шеттетілді

Опубликовано:

Фото
Фото: sports.kz

Қазақстандық спортшы Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, 30 мамырда таңертең жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.

Отандық былғары қолғап шебері Калифорнияның Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты.

12 раундқа жоспарланған кездесу сегізінші раундта аяқталды. Тоғызыншы раундтың басында Батырдың жаттықтырушылары жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесуден кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа - 5 маусымға дейін тыйым салынды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1915695-qazaqstandyq-ataqty-sportsy-bokstan-uaqytsa-settetildi/

pixel