RU

Футболдан Қазақстан құрамасының және "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

Станислав Лунин1
Станислав Лунин. Фото: kazfootball.kz

Танымал футболшы, Қазақстан құрамасының және "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) қайтыс болды деп хабарлайды "Гол Емес" Telegram-каналы.

"Өскеменнен қаралы хабар келді. "Восток", "Шахтер", "Қайрат" және "Ертістің" бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) өмірден өтті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, хабарламада өлімінің себебі - жүректің тоқтауы екені айтылған. Станислав Лунин небәрі 28 жаста болған.

Ол футболдан Қазақстан чемпионы болып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын иеленген. Сонымен қатар, ел чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1915764-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-zane-qairattyn-buryngy-oiynsysy-qaitys-boldy/