Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бағаламады": Данияр Елеусінов Головкиннің промоутерінен неліктен кеткенін ашып айтты

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Фото: Instagram / yeleussinovdaniyar

Танымал былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов Matchroom Boxing ұйымының промоутері Эдди Хирнмен келісім шарттың тоқтағаны туралы айтты деп жазады Sports.kz.

Олимпиада чемпионының менеджері Элвис Креспо журналист Майк Коппинджермен әңгімесі барысында Данияр Елеусіновтің Matchroom-мен келісімшарты аяқталғанын және қазіргі уақытта еркін агент екенін растады.

Отандық боксшының өзі Хирн және DAZN стриминг сервисімен жұмыс істегеніне көңілі толмағанын ашық білдірді.

Данияр Елеусіновтің айтуынша, DAZN оны бағаламапты.

"Мен Индонго деңгейіндегі боксшылармен тағы үш-төрт жекпе-жек өткізсем деймін. Содан кейін біз жартылай орта санаттағы чемпиондар туралы сөйлесерміз", – деді қазақстандық спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада–2010 жеңімпазы, 2013 жылы Алматыда өткен әуесқой бокстан 69 келі салмақта әлем чемпионы болды.

Данияр өткен жылы 27 қарашада АҚШ-та өткен жекпе-жекте әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

Одан бөлек, Елеусінов отандасы Геннадий Головкинмен қазіргі таңда қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтып берген еді. Қос спортшының арасында бұған дейін өзара түсініспеушілік орын алған.

Данияр Елеусінов бүгінде Геннадий Головкинмен мүлде араласпайтынын жеткізді. Белгілі болғандай, ол GGG-ден гөрі оның туған бауырымен көбірек хабарласып тұрады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1915800-bagalamady-daniyar-eleusinov-golovkinnin-promouterinen-nelikten-ketkenin-asyp-aitty/

pixel