RU

Атақты боксшы Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады

Мейвезер - Пол
Мейвезер - Пол: twitter.com/Cilia2908

АҚШ-та кәсіпқой бокс кеші өтті. Шоудың негізгі кездесуінде бес дивизион бойынша экс-әлем чемпионы Флойд Мейвезер мен блогер Логан Пол жұдырықтасты. Жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа жалғасты. Себебі, былғары қолғап шебері YouTube жұлдызын құлата алған жоқ деп хабарлайды Sports.ru.

Жекпе-жек көрме боксы ретінде ұйымдастырылғандықтан, төрешілер шешімі жарияланған жоқ.

Ал статистикаға жүгінсек, сегіз раундта блогер 217 соққы жасаған, оның 28-і боксшыға тура дарыған.

Мейвезер 107 соққы бағыттап, оның 43-і нысанаға тиді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздік боксшы деп танылды.

Ал екінші орынға Эззард Чарльз, үшінші орынға Мэнни Пакьяо жайғасты.

Арчи Мур, Рэй Робинсон, Джо Калзаге, Хуан Мануэль Маркес, Бернард Хопкинс, Андре Уорд және Владимир Кличко ТОП-10 қатарына енді.

Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин болса, 13-орында тұр. Ол Мұхаммед Әли, Оскар де ла Хойя және Рой Джонс сияқты аты аңызға айналған боксшыларды басып озған.

Сонымен қатар әлемдік аренада еліміздің атағын шығарып жүрген Геннадий Головкин Қазақстанға келген еді.

Орта салмақтағы бірнеше титулдың иегері Алматыда өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысқан. Генадий Головкиннің қолы қойылған қолғабы сатылымға шығарылды. Айта кетейік, іс-шараға боксшының бауыры Максим мен UFC-дің файтері Зубайра Тухугов та қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1916408-ataqty-bokssy-meivezer-bloger-logan-poldy-zene-almady/