Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майк Тайсонның келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Опубликовано:

Майк Тайсон
Майк Тайсон. Фото: Gettty Images/ Joe Scarnici / Stringer

Бокс әлемінің жарық жұлдызы Майк Тайсонның қашан рингке оралатыны белгілі болды. Былғары қолғап шеберінің жаттықтырушысы Рафаэль Кордейро жекпе-жек осы жылдың кұзінде болатынын мәлім етті деп хабарлайды Sports.kz.

Рафаэль Кордейро тәлімгері Майк Тайсон қазіргі уақытта жаттығу жұмыстарын жасап жүргенін мәлімдеді. Оның сөзінше, күздің алғашқы айында көрермендер күткен айқас өтуі мүмкін.

"Тайсон – жаттығуын үзбейтін мықты спортшы. Қыркүйекте кездесу өтеді деп ойлаймын. Келесі қарсыластың кім болатынын білмеймін. Legends Only League компаниясы осы жағынан жұмыс жүргізіп жатыр, телевизиямен келіссөздер өткізіп, кестені ойластыруда. Ал біз жаттығуды жалғастырып жатырмыз. Қыркүйек айында жұдырықтасуға шығамыз", - деді "темір Тайсонның" бапкері.

Еске сала кетейік, осыған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялап еді.

Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалды. BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі келесідегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-кіші(АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ).

10. Сергей Ковалев (Ресей).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1916823-maik-taisonnyn-kelesi-zekpe-zegi-qasan-otedi/

pixel