Рыбакина жұптық сында "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Опубликовано:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сында "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына шыға алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Турнирдің ширек финалында олар Магда Линетт (Польша өкілі) пен Бернарда Пераның (АҚШ) жұбына есе жіберді.
Тартысты бәсеке 2 сағат бес минутқа созылды. Бұл аралықта Рыбакина мен Павлюченкова бес эйс жасап, бес рет қателесті.
Линетт пен Пера жұптық турнирдің жартылай финалында чехиялық жұп Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковамен күш сынасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1916931-rybakina-zuptyq-synda-rolan-garros-turnirinin-zartylai-finalyna-syga-almady/