Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстаннан тек екі атлет": Олимпиадаға баратын зілтеміршілер анықталды

Опубликовано:

Зілтемір
Көрнекі сурет: pixabay.com

Токиодағы Олимпиадаға барып, еліміздің намысын қорғайтын ауыр атлеттер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылар тізімін назарға ұсынды. Қазақстан құрамасынан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зульфия Чиншанло ел намысын осы жаздың басты бәсекесінде қорғайтын болады. Ал ерлер арасында 61 келіге дейінгі салмақта Игорь Сон қатысатын болып отыр.

Іріктеу кезеңінде 3628,3941 ұпай жинаған Зульфия Чиншанло әлемдік рейтингтің төртінші сатысында тұр. Игорь Сон болса, 3015.0319 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан. Қазақстандық ауыр атлет Токио Олимпиадасына құрлықтық квота бойынша жолдама алды.

Айта кетсек, халықаралық федерацияның шешімі бойынша 2008-2020 жылдар аралығында допингке қарсы ережелерді 20-дан астам рет бұзған елдер Токио Олимпиадасына екі спортшыдан ғана (бір әйел және бір ер адам) жібере алады.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоржынында Олимпиада ойындарына спорттың 26 түрінен 69 лицензия бар.

Еске салсақ, бұған дейін жаңазеландиялық ауыр атлет Лорел Хаббард Олимпиадаға қатысатын алғашқы транссексуал атанғанын жазған едік.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 43 жастағы Хаббард ең ауыр - 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1917431-qazaqstannan-tek-eki-atlet-olimpiadaga-baratyn-ziltemirsiler-anyqtaldy/

pixel