RU

Хабиб Нурмагомедов: Қазақстандағы ММА Ресейден бес-алты жыл артта қалған

Хабиб Нурмагамедов
Хабиб Нурмагамедов. Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хамбиб Нурмагомедов Алматыда өтетін Eagle FC 37 турнирінің алдында баспасөз конференциясын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында ресейлік спортшы Қазақстандағы ММА деңгейіне баға берген.

"Қазақстандағы ММА Ресейдегіден бес-алты жылға артта қалған. Тіпті бізде, Ресейде қазір UFC чемпионы болмаса да, Қазақстанға әлі бұл тұрғыдан өсу қажет. Егер сіздерде ММА осындай қарқынмен дамитын болса, онда 7-8 жылдан кейін сіздерден чемпиондар шығады. Бұл спорт түрін сіздің елде қатты жақсы көретінін білемін", - дейді Хабиб.

Сонымен бірге, Нурмагомедов өзін UFC-де таныта алуы мүмкін екі қазақстандық спортшының есімін атады.

"Мен Дамир Исмағұлов пен Шавкат Рахмоновты атап өтер едім. Олардың өз дивизионындағы спортшылардың үздік ондығына кіруге мүмкіндігі бар", - дейді ресейлік.

Айта кетейік, аралас жекпе-жектен Eagle FC 37 турнирі Алматыда ертең өтеді. Осыған байланысты жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1918243-xabib-nurmagomedov-qazaqstandyq-mma-reseilikten-bes-alty-zylga-artta-qalgan/