Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабиб Нурмагомедов Головкинге спорттағы мансабын тезірек аяқтауға кеңес берді

Опубликовано:

Дагестанский боец ММА Хабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов. Фото: Josh Hedges/Contributor/Getty Images

UFC-дің жеңіліп көрмеген экс-чемпионы, ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге кеңес берді деп жазады Sports.kz.

"2004 жылы ол Олимпиада финалына шықты. Содан бері 20 жылдай өтті. Оның жасы 38-ге келді. Оған бір кездесу өткізіп, өзінің қартайған шағына ақша жинап, сонымен тоқтатуы керек. Менің жеке кеңесім. Адамның жасы 35-тен асқаннан кейін спорттың мұндай ауыр түрімен айналыспағаны жөн.
Бір-екі жекпе-жектен кейін оның аяқтағаны дұрыс. Өйткені оның отбасы, алда өмірі бар, алға жылжу керек. MMA-ге қарағанда бокста жиі жарақаттанады. Егер MMA-де тамыр жарақаты болса, бокста басыңмен проблема болуы мүмкін", - дейді Хабиб Алматыдағы баспасөз конференциясында.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда аралас жекпе-жектен Eagle FC 37 турнирі өтеді. Осыған байланысты жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келген болатын.

Сонымен бірге ол баспасөз конференциясы кезінде Қазақстандағы ММА деңгейіне баға берген еді.

"Қазақстандағы ММА Ресейдегіден бес-алты жылға артта қалған. Тіпті бізде, Ресейде қазір UFC чемпионы болмаса да, Қазақстанға әлі бұл тұрғыдан өсу қажет. Егер сіздерде ММА осындай қарқынмен дамитын болса, онда 7-8 жылдан кейін сіздерден чемпиондар шығады. Бұл спорт түрін сіздің елде қатты жақсы көретінін білемін", - дейді Хабиб.

Сонымен бірге, Нурмагомедов өзін UFC-де таныта алуы мүмкін екі қазақстандық спортшының есімін атады.

"Мен Дамир Исмағұлов пен Шавкат Рахмоновты атап өтер едім. Олардың өз дивизионындағы спортшылардың үздік ондығына кіруге мүмкіндігі бар", - дейді ресейлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1918315-xabib-nurmagomedov-golovkinge-sporttagy-mansabyn-tezirek-ayaqtauga-kenes-berdi/

pixel