Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат "Найман" украиналық қарсыласын бірінші раундта талдырып тастады (видео)

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: ztb.kz

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-6-2) аралас жекпе-жектен Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 турнирінде қарсыласын бірінші раунд соңында буындырып, жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sports.kz жазуынша, Қуат "Найман" мен украиналық Роман Головиновтың (10-5) кездесуі кештің басты жекпе-жегі болған.

Отандасымыз бірінші раундтың соңында қарсыласын буындыру әдісі арқылы жығып, өзінің кәсіби мансабындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді.

Ал украиналық Роман Головинов болса алғаш рет жеңіліс тауып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қуат Хамитов Ресейдегі аралас жекпе-жектен өткен AMC Fight Nights турнирінің бірінші раундында қарсыласы Максим Пантелеевты 50 секундта нокаутқа түсірген болатын.

Сондай-ақ, "Найман" өзінің алдағы жекпе-жегі жөнінде ресми мәлімдеме жасағанын да хабарлаған едік. Аталған жазба оның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1918523-quat-naiman-ukrainalyq-qarsylasyn-birinsi-raundta-taldyryp-tastady-video/

pixel