Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионатын вакцина паспорты бар жанкүйерлер ғана тамашалай алады

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Парсы шығанағында өтетін FIFA Әлем чемпионатын вакцинация паспорты бар жанкүйерлер ғана тамашалай алады. Бұл туралы еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Катар 2022 жылғы әлем чемпионатына тек вакцинацияның толық курсынан өткен азаматтарды жіберуге ниетті.

Елдің премьер-министрі Халед бен Халифа Аль Тани футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың аяғында өтетіндіктен, көптеген ел өз азаматтарын сол уақытқа дейін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салып үлгеретіндігін мәлімдеді.

Қазір чемпионатты өткізуші ел матчтарды тамашалауға келуді қалайтын адамдар үшін вакцинаның миллион дозасын жеткізу жайлы келіссөздерді жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, қазір футболдан Еуропа чемпионаты мен Оңтүстік Америкада "Америка Кубогі" турнирі қатар өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1918749-futboldan-alem-cempionatyn-vakcina-pasporty-bar-zankuierler-gana-tamasalai-alady/

pixel