Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын жеңді (фото, видео)

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы39
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол америкалық қарсыласы Роб Брантты жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

WBА нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы мен отандасымыз арасындағы кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.

10 раундқа жоспарланған кездесу мезгілінен бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы 8 раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, тіпті алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға жіберді.

Ал 9 раунд басталар тұста Роб Брант кездесуді әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.

Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісі. Оның алтауында Әлімханұлы кездесуді мезгілінен бұрын аяқтаған. Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға өткен жылы 10 қазанда шығып, аргентиналық қарсыласы Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірді.

Роб Брантқа келсек, боксшы кәсіби мансабында үшінші рет жеңіліп отыр. Ол бұған дейін 28 кездесу өткізіп, оның 26-ында жеңіске жеткен.

Еске сала кетсек, осы жекпе-жектің алдында Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасап, Лас-Вегаста QAZAQ STYLE-ды бүкіл әлемге паш ететінін жазған еді.

"Сенбіде Вегаста айтулы жаңалықтар болады және бұл туралы бүкіл әлем білетін болады. Вегаста не болып жатқаны Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін", - деген еді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1919632-zanibek-alimxanuly-kezekti-zekpe-zeginde-zeniske-zetti/

pixel