Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайдасыңдар?": Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы чемпиондарға үндеу жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы15
Фото: бокс

Бокстан WBА нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты жеңген Жәнібек Әлімханұлы өзіне қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтып, өз дивизионындағы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жеңістеріңіз құтты болсын, Қазақ елі! Аллаға шүкір! Мансабымыздың жаңа белесіне шықтық. Біз мықтымыз. Біздің стиль мықты. Бұйыртса QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет!", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Одан бөлек, отандасымыз Twitter желісінде өз дивизионындағы кіл мықтыларға үндеу жасады.

"Чемпиондар, қайдасыңдар? Сендерді нокаутқа түсіргім келеді", - дейді ол.

Айта кетейік, Роб Брант пен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 8:00-де АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.

10 раундқа есептелген кездесу мезгілінен бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы 8 раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, тіпті алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға жіберді. Ал 9 раунд басталар тұста Роб Брант кездесуді әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісі. Оның алтауында Әлімханұлы кездесуді мезгілінен бұрын аяқтаған. Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға өткен жылы 10 қазанда шығып, аргентиналық қарсыласы Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірді.

Ал Роб Брантқа келсек, боксшы кәсіби мансабында үшінші рет жеңіліп отыр. Ол бұған дейін 28 кездесу өткізіп, оның 26-ында жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1919652-qaidasyndar-zanibek-alimxanuly-kasipqoi-bokstagy-cempiondarga-undeu-zasady/

pixel