Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділдік жоқ": Азия чемпионы Айдос Сұлтанғалидың Олимпиадаға бармайтынын естіген жанкүйерлер шу көтерді

Опубликовано:

Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали
Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали: olympic.kz

Грек-рим күресінен Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды. Токио кілемінде Қазақстан атынан үш балуан сынға түседі. Алайда, 60 келідегі Азия чемпионы Айдос Сұлтанғалидың Олимпиададан сырт қалғаны көпшілік жанкүйердің ашуын туғызды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бас бапкер Бақтияр Байсейітовтің шешімімен Токио Олимпиадасында төмендегі балуандар сынға түседі:

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов

77 келі: Демеу Жадыраев

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

Күрес түрлерінде Олимпиада жолдамасы жекелеген балуанға емес, тұтас командаға беріледі. Осы орайда, Токио Олимпиадасына жолдаманы 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов жеңіп алған болатын.

Бірақ Айнағұлов содан бері айтарлықтай жарыстарда көзге түспеген. Ал осы салмақтағы тағы бір балуан Айдос Сұлтанғали соңғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, бірқатар рейтингілік турнирлерден жүлдемен оралған. Осы орайда, жанкүйерлер қазір бабында тұрған Айдостың Токиодан шет қалып, Айнағұловтың баратынына наразылық танытты. Көпшілік жанкүйер екі балуанды белдестіріп, жеңген спортшыны Олимпиадаға апару керек деген пікірде.

«Екі балуан арасында жекпе-жек өткізбегені өкінішті. Айдос қанша жұмыс атқарды. Бұл әділетсіз шешім», «Сұлтанғали Қазақстан, Азия чемпионатын, Италиядағы рейтингілік турнирді ұтты. Бірақ баратын басқа адам. Енді кім айтады Қазақстан спортында әділдік бар деп?», «Айдос пен Мейрамбек арасында белдесу өткізу керек еді. Ресейде Олимпиада чемпионы Роман Власов та бара алмай қалды», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, грек-рим күресінен Қазақстан командасы алты салмақ дәрежесінің үшеуінде ғана Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1920257-adildik-zoq-aziya-cempiony-aidos-sultangalidyn-olimpiadaga-barmaitynyn-estigen-zankuierler-su-koterdi/

pixel