Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасында жүлдеге ілінген спортшыларға қанша сыйақы беріледі

Опубликовано:

Токио Олимпиадасына баратын Қазақстан құрамасы
Токио Олимпиадасына баратын Қазақстан құрамасы. Фото: Ақорда

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанатын спортшыларды қандай сыйақы күтіп тұрғанын мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Мәдениет және спорт министрі Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін ынталандыру ережесі қалай іске асатынын айтты.

"Бұл жолғы Олимпиада әрбір спорт түрі бойынша жеңіске еткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне сыйақы беру туралы ереже қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын алған спортшы мен бапкерге 250 мың доллардан беріледі. Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы осы 150 мың доллардан, осы спорт түрінен бас бапкерге төленеді", - дейді министр.

Ведомство басшысы бұл жерде Олимпиада медалінің нақты адал жолмен алынғаны маңызды екенін атап өтті.

"Екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар болып азая береді. Әрине, өзіңіз айтқандай, ең алдымен спорт жетістігінің нақты екені дәлелденген кезде бұл сыйақы теленеді. Заңды түрде осылай негізделген", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшылармен кездескен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1920702-tokio-olimpiadasynda-zuldege-ilingen-sportsylarga-qansy-syiaqy-beriledi/

pixel