Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело" неліктен Головкинмен үшінші жекпе-жекке шыққысы келмейді

Опубликовано:

Фото
Фото: sports.kz

Boxing247.com журналисі Альберт Крейн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен неліктен үшінші жекпе-жек өткізгісі келмейтінін түсіндірді деп хабарлайды Sports.kz.

Спорт журналисінің айтуынша, белсенді болмау мен әлсіз оппозиция Головкиннің мансабына зиян тигізуі ықтимал.

Жанкүйерлері оны бұрынғыдай жиі көрмейді, дейді Альберт Крейн.

"Генадий Головкин "Канеломен" үшінші рет рингке шыққысы келеді. Бірақ боксшы өзінің танымалдылығын сақтап қалу үшін ештеңе істемеді, тек белсенділік танытып, үздіктермен айқасады. Бұл "Канелоның" Генадий Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қызығушылық танытпауының себебі болуы ықтимал. Себебі ол енді жетістікке жетуге тырыспайды. Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін өз амбициясын жоғалтқан секілді", — дейді журналист.

Еске сала кетейік, осыған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялап еді.

Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған. BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі келесідегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-кіші(АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ).

10. Сергей Ковалев (Ресей).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1921224-kanelonyn-nelikten-golovkinmen-usinsi-zekpe-zekke-sygysy-kelmeitini-belgili-boldy/

pixel