Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді (видео)

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: Instagram/ufcfra

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз америкалық спортшы Джером Ривераны жеңіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында (АҚШ, Невада штаты) UFC 264 турнирі аясында өтті. Қазақстандық спортшы америкалық Джером Ривераға (10-5) қарсы шықты. Кездесу аса жеңіл салмақ категориясында өтті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Бұл Жалғас Жұмағұловтың кәсіби мансабындағы он төртінші, ал UFC аясындағы алғашқы жеңісі болды. Өткен жекпе-жектерде ол бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швециялық Амир Альзабиден төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Ал Джером Ривера болса мансабындағы алтыншы және UFC аясындағы үшінші жеңілісіне тап болды. Ол промоушндағы үш жекпе-жегінде де жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1921827-zalgas-zumagulov-ufc-degi-algasqy-zenisine-qol-zetkizdi-video/

pixel