Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтан Зәуірбек WBO титулын жеңіп алды

Опубликовано:

Сұлтан Зәуірбек
Видеодан кадр: Instagram/sultanzaurbek

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Алматыдағы MTK FIGHT NIGHT бокс кешінде британиялық спортшы Ронни Кларкқа қарсы титулды жекпе-жек өткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

MTK FIGHT NIGHT бокс кешінің басты жекпе-жегі жоспарланған он раунд бойы өтті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық Сұлтан Зәуірбекке бұйырды.

Отандасымыз WBO нұсқасы бойынша бос болған Еуропа чемпионы титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне жетіп, WBO-ның екінші дәрежелі титулын иеленді.

Ал Ронни Кларк үшін бұл кәсіби аренадағы бесінші жеңіліс болды.

Еске сала кетейік, Зәуірбек танымал британиялық промоушн MTK Global құрамындағы спортшы болып табылады. Аталмыш ұйым Тайсон Фьюрри мен Джо Сондерс секілді әйгілі боксшылардың ісін жүргізеді.

Сонымен қатар, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Аралас жекпе-жек шебері америкалық Джером Ривераны бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1921828-sultan-zauirbek-wbo-titulyn-zenip-aldy/

pixel