Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC: Аяғын сындырып алған Конор Макгрегорға ота жасалатын болды

Опубликовано:

Конор Макгрегор
Конор Макгрегор. Фото: Getty images/ Ethan Miller / Staff

Бүгін, 11 шілде күні Конор Макгрегор Дастин Порьемен өткен кездесуде аяғын сындырып алды. Жекпе-жек ирландиялық жарақат алған соң тоқтатылды. Спортшыны аренадан зембілмен алып кетті. Ал көп ұзамай UFC басшысы Макгрегорға ота жасалатынын айтты.

UFC Russia Instagram парақшасы Макгрегордың Порьемен өткен кездесуі аяқталған сәттен кадрлар ұсынды. Жарақатына байланысты спортшыны аренадан зембілмен алып кеткен. Соған қарамастан, ирландиялықтың көңіл-күйі жақсы болған.

Көп ұзамай Макгрегорға ота жасалатыны белгілі болды деп жазады Sports.kz. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді. Ол промоушндағы басты жұлдыздың болашағы туралы сөз қозғады.

"Бұл спорт түрінде ешқандай болжам жасауға болмайды. Барлығы мерзімге және ары қарай не боларына байланысты. Ертең Конорға ота жасалады. Оның қалыпқа келуі қанша уақыт алатынын білмейміз",- деді UFC басшысы.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов та Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасқан турнирде бақ сынады. Қазақстандық спортшы америкалық Джером Ривераға (10-5) қарсы шықты. Кездесу аса жеңіл салмақ категориясында өтті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Бұл Жалғас Жұмағұловтың кәсіби мансабындағы он төртінші, ал UFC аясындағы алғашқы жеңісі болды. Өткен жекпе-жектерде ол бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швециялық Амир Альзабиден төрешілер шешімімен ұтылып қалған еді.

Ал Джером Ривера болса, мансабындағы алтыншы және UFC аясындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Ол промоушндағы үш жекпе-жегінде де қарсыласына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1921871-ufc-ayagyn-syndyryp-algan-konor-makgregorga-ota-zasalatyn-boldy/

pixel