Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия құрамасы 53 жылдан кейiн екiншi рет Еуропа чемпионы атанды

Опубликовано:

Италия құрамасы11
Фото: Claudio Villa/Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионаты аяқталды. Ақтық сында Италия мен Англия құрамалары сынға түсіп, Италия 53 жылдан кейін екiншi рет Еуропа чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалдық матч Лондонның "Уэмбли" стадионында өтті. Ойынның алғашқы минутында ағылшындар есеп ашты. 1 минут 57 секундта Люк Шоу Италия қақпасына алғашқы голды салды.

Бұл EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдам гол болды.

Ойынның 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.

Осылайша негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, футболшыларға қосымша уақыт берілді. Алайда овертаймда да есеп ашылмады.

Ал соңында жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтауға тура келді. Бұл жерде италиялықтардың жолы болып, олар тарихта екінші рет Еуропа чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, Италия құрамасы алғаш рет 1968 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын.

Енді келесі Еуропа біріншілігі 2024 жылы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1921888-italiya-quramasy-53-zyldan-keiin-ekinsi-ret-europa-cempiony-atandy/

pixel