Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия жанкүйерлері жеңісті қалай тойлауда (фото, видео)

Опубликовано:

Италия құрамасы
Фото: CATHERINE IVILL/POOL/AFP via Getty Images

Өткен түні Футболдан Еуропа чемпионаты аяқталды. Италия құрамасы 53 жылдан кейін Еуропаның үздік футбол командасы атанды. Бұл жаңалықты естіген италиялық жанкүйерлер қала көшелеріне шығып, жеңісті ерекше атап өтті.

Ақтық сында кездескен Италия құрамасы мен Англия құрамасы арасындағы ойын негізгі уақытта тең есеппен аяқталған еді. Қосымша берілген уақытта да екі тарап гол соға алмады.

Матчтың тағдырын пенальти сериясы шешті. Нәтижесінде италиялықтар жеңіске жетті.

Отандастарының жеңісіне куә болған жанкүйерлер туын алып, Рим көшелерін шығып, әнұранын шырқап, жеңісті ерекше тойлауда.

Футболшыларда 53 жылдан кейін қол жеткізген жеңісін тойлап жатыр. Олар әсерлі сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялауда.

Ал ағылшын жанкүйерлерінің көңілі түсіп қалғанын байқауға болады. Биыл Анлия құрамасы алғаш рет финалға дейін жеткен. Сол себепті жанкйерлер өз құрамасының жеңісінен үмітті болған еді.

Еске сала кетсек, финалдық матч Лондонның "Уэмбли" стадионында өтті. Ойынның алғашқы минутында ағылшындар есеп ашты. 1 минут 57 секундта Люк Шоу Италия қақпасына алғашқы голды салды.

Бұл EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдам гол болды.

Ойынның 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.

Осылайша негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, футболшыларға қосымша уақыт берілді. Алайда овертаймда да есеп ашылмады.

Ал соңында жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтауға тура келді. Бұл жерде италиялықтардың жолы болып, олар тарихта екінші рет Еуропа чемпионы атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1921914-italiya-zankuierleri-zenisti-qalai-toilauda-foto-video/

pixel