Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси жалақыны 50 пайызға төмендетуге келісім берген

Опубликовано:

Лионель Месси
Фото: David Ramos/Getty Images

"Барселона" мен шабуылшы Лионель Месси жаңа келісімшарт бойынша принципті келісімге келді. Келісімшарт бес жылға созылады деп хабарлайды Спорт-Экспресс.

34 жастағы ойыншы қазіргі уақытта клубтың қаржылық жағдайы керемет емес екенін түсініп, жалақысын 50 пайызға қысқартуға келісімін берді.

Келіссөздер күн өткен сайын өз мәресіне жақындап келеді. Қазір "Барселона" футбол клубының заңгерлері мен кеңесшілері келісімнің егжей-тегжейін пысықтап жатыр. Каталониялық клуб шілденің соңында Мессимен жаңа келісімшартқа отырғандығы туралы ресми түрде хабарлайды деп күтілуде.

Өткен маусымда Месси 47 матч өткізіп, 38 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

11 шілдеде Аргентина 28 жылда алғаш рет финалда бразилиялықтарды жеңіп, Америка Кубогын жеңіп алды. Бұл Мессидің 2008 жылғы Олимпиадада жеңіске жеткеннен кейін ұлттық құрамамен алған алғашқы маңызды жүлдесі.

Месси 2020 жылдың жазында Барселонадан кетуге жақын болды. ПСЖ-дан басқа аргентиналықты Англияның "Манчестер Сити" клубы қатарына қосуға дәмелі болды.

Еске сала кетейік, футболдан алматылық "Қайрат" Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің екінші матчында Хайфаның "Маккабинін" жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Тартысты матч Алматы қаласының Орталық стадионында өтті. Алматылық клубтың келесі кезеңдегі қарсыласы серб футболының алпауы – "Црвена Звезда" болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1922532-messi-zalaqyny-50-paiyzga-tomendetuge-kelisim-bergen/

pixel