Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио олимпиадасы: Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі сурет: pixabay.com

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Дияс Олимпиада лицензиясының иегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді жүзеге асырғаннан кейін белгілі болды. Спортшының ITF лицензиясын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті растады. Спортшы жекелей сында өнер көрсетеді.

Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды.

Атап айтсақ, бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин жолдамаға ие болған.

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, сондай-ақ Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова сынға түседі.

Токио Олимпиадасына спортшыларды қабылдау 2021 жылғы 7 маусымдағы ATP және WTA рейтингтері негізінде жүзеге асырылды.

Әр елден қатысушылардың ең көп саны 12 адамнан аспауы керек (алты ер адам және алты әйел). 64 теннисші жеке, 32 жұп - жұптық, 16 жұп - аралас жұпта қатысады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 97 лицензия бар.

Еске салсақ, бұған дейін Токиодағы Олимпиада ойындарында тоғыз қазақстандық боксшы ел намысын қорғайтыны туралы жазған едік. Бокстан сайыс 24 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетіні анықталып отыр.

Одан бөлек, қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қай күндері сынға түсетіні белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1922658-tokio-olimpiadasy-qazaqstan-qorzyny-tagy-bir-zoldamamen-tolyqty/

pixel