RU

Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді (видео)

Боец Сергей Морозов
Сергей Морозов. Фото: Photo by Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Сергей Морозов Лас-Вегаста UFC Vegas 31 турнирінде Германия спортшысы Халид Тахиден басым түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айқас отандасымыздың сенімді жеңісімен аяқталды. Үш төреші де Морозовтың қарсыласынан басым түскенін жеткізді.

"Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бапкерлеріме, командама және спарринг-серіктестеріме көп рақмет. Біз бәрін дұрыс жасадық!", - деді Морозов жекпе-жектен кейін.

Бұл Сергей Морозовтың UFC-дегі алғашқы жеңісі. Отандасымыз америкалық промоушндегі дебюттік кездесуінде ұтылып қалған.

Жалпы, қазақстандық файтер ММА-да 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Германия спортшысы Халид Тахи үшін бұл UFC-дегі үшінші жеңіліс.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Хабиб Нурмагомедовтің туысқан інісі Умарға қарсы шыққан Сергей Морозов мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.

Жекпе-жек бастапқыда 2020 жылдың 24 қазанына жоспарланған болатын. Алайда, белгіленген күнге бір апта қалғанда Умар Нурмагомедов дене қызуының көтерілуі, құсу секілді тұмау белгілерімен емханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1922894-sergei-morozov-ufc-degi-algasqy-zenisine-qol-zetkizdi-video/