Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-де алғаш рет жеңіске жеткен Морозовтың қанша ақша тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

Сергей Морозов
Сергей Морозов. Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Жексенбі күні UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласынан басым түскен қазақстандық Сергей Морозовтың қанша ақша тапқаны белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz.

Неміс спортшысы Халид Тахиді жеңгені үшін Морозов 24 мың доллар алды. Оның 20-сы - сегізбұрышқа кіргені үшін, 4-і - ынталандыру бонусы ретінде саналды.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Хабиб Нурмагомедовтің туысқан інісі Умарға қарсы шыққан Сергей Морозов мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.

Осы айқаста отандық спортшы 13,5 мың доллар тапқан еді (10-ы октагонға шыққаны үшін, 3,5-ы ынталандыру бонусы).

Жекпе-жек бастапқыда 2020 жылдың 24 қазанына жоспарланған болатын. Алайда, белгіленген күнге бір апта қалғанда Умар Нурмагомедов дене қызуының көтерілуі, құсу секілді тұмау белгілерімен емханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1922982-ufc-de-algas-ret-zeniske-zetken-morozovtyn-qansa-aqsa-tapqany-belgili-boldy/

pixel