Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы11
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен чемпиондық жекпе-жек өткізгім келеді. Қазіргі уақытта WBO рейтингінде 2-орында тұрмын. Мунгуия болса бірінші сатыда орналасқан. Олардың менімен жұдырықтасуға келіспейтінін білемін. Өйткені оларды нокаутқа жіберетінімді жақсы біледі. Ал Андраде? Ол қайда? Маған WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы қажет", - деді отандасымыз Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, Жәнібек Әлімханұлы жазбасында өзінің промоутері Боб Арумның, WBO президенті Франциско "Пако" Валькарсельдің және WBС басшысы Мурисио Сулейменнің аккаунттарын белгілеген.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Роб Бранттың 10 раундқа жоспарланған кездесуі мезгілінен бұрын аяқталды. Әлімханұлы 8 раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, тіпті алтыншы раундта Брантты нокдаунға жіберді.

Ал 9-раунд басталар тұста Роб Брант кездесуді әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1923005-zanibek-alimxanuly-alem-cempiondaryn-zekpe-zekke-saqyrdy/

pixel