Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Опубликовано:

Еркін күрес
Еркін күрес. Көрнекі сурет: РИА Новости / Алексей Филиппов

Қазақстан қоржыны бір күміспен толықты, еліміздің балуаны әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды деп жазады Olympic.kz.

Еркін күрестен Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 келіде белдескен Нұрланбек Әбдінұр финалда ресейлік Могамед Байтукаевпен кездескен болатын.

Тартысты белдесуде 4:3 есебімен ресейлік балуан жеңіске жетіп, Нұрланбек Әбдінұр күміс жүлдеге ие болды.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазақстан Барысы-2021" турнирінің жеңімпазы анықталғаны туралы жазған едік.

Басылым мәліметінше, жеңімпазға 25 миллион теңге ақшалай сыйлық және алтын белбеу табыс етілген. Осылайша оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирде жаңа чемпион анықталды. Бұл атаққа Дәурен Нұралинов қол жеткізді.

Финалдық кездесуде балуан жартылай финалда турнирдің 2017 жылғы жеңімпазын жарыстан шығарған Ғалымжан Қырықбайды жеңді. Негізгі уақытты қарсыластар бір-бір бүк ұпаймен аяқтаған еді.

Одан бөлек, Токио төрінде ел намысын кімдер қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.

Жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 33 түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 96 Олимпиада жолдамасы бар.

Сол арада Қазақстанда жазғы Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін екені жария етілді. Мән-жайды "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1923204-qazaqstandyq-baluan-alem-cempionatynda-kumis-zuldeger-atandy/

pixel