Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Қайрат" өз алаңында атақты "Црвена Звезданы" жеңді (видео)

Опубликовано:

Алматылық клуб
Фото: vk.com/fckairat?z

"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңін сәтті бастады. Алматылық клуб өз алаңында "Црвена Звездадан" 2:1 есебімен басым түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қайрат" үшін матч өте ауыр басталды. Себебі, ойынның небәрі 12-минутында алматылық ұжымның жартылай қорғаушысы Нейбоша Косович жарақат алды. Оны Ян Вороговский алмастырды.

24-минутта қазақстандық клуб есеп ашты: бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен Хосе Канте баспен гол соқты.

Кездесудің бірінші жартысында осы есеп өзгерген жоқ.

Ал екінші тайм қонақтардың қауіпті шабуылдарымен басталды. Қысымға тойтарыс бере алмаған "Қайраттың" қорғаушысы өз қақпасына гол ұрды. Автогол авторы: Дино Миканович.

Матчтың аяқталуына 11 минут қалғанда "Қайрат" жеңісті жұлып алды. Жазғы ауысым кезінде алматылық үжымға келіп қосылған Маки Баньяк қарсылас команданың қателігін сәтті пайдаланды.

Осылайша, тартысты өткен матч 2:1 есеппен аяқталды.

Айта кетейік, қос клуб арасындағы екінші кездесу 28 шілдеде Сербияда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1923358-cempiondar-ligasy-qairat-oz-alanynda-ataqty-crvena-zvezdany-zendi-video/

pixel