Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың аспаны сияқты": Әлемдік журнал Қазақстанның олимпиадалық формасын үздіктер қатарына қосты

Опубликовано:

Қазақстанның спорттық формасы
Қазақстанның спорттық формасы: olympic.kz

Танымал Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады. Журналдың шолушысы Стефан Рабимов түзген үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар деп жазады Olympic.kz.

Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген.

Біздің команда формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені, форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан болатын.

«Қазақстан командасының отыз бес мүшесі форманы дайындау барысына тікелей араласты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова матаны, түсті және декоративті элементтерді таңдай кезінде командамен бірлесе жұмыс істеген. Бұл спортшылардың қолдауды сезінуіне, олимпиадаға апарар жолда шабыттануына әсер етті.
Аспан түстес көк түс қазақ даласындағы шегі жоқ аспанды еске салады. Бұл ел астанасы мен Алматы қаласының сән орталығы екенін одан әрі айқындап, екі қала арасындағы мәдени бәсекелестікті де арттыра түседі. Олимпиадалық рух дұрыс насихатталса, бәрі де жеңіске жетеді», - деп жазды автор.

Униформаның таныстырылымына, сондай-ақ, арнайы фотосессияға қазақстандық олимпиадашылар қатысқан болатын.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы ресми түрде 23 шілде күні ашылады. Қазақстандықтар сапынан алғаш болып садақ ату және академиялық есу спортының өкілдері жарыс жолына шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923510-qazaqtyn-aspany-siyaqty-alemdik-zurnal-qazaqstannyn-olimpiadalyq-formasyn-uzdikter-qataryna-qosty/

pixel