RU

Қазақстандық боксшылар Олимпиададағы алғашқы қарсыласын анықтады

olympic.kz
Көрнекі фото: olympic.kz

Жапония астанасында Жазғы олимпиада ойындарының бокстан жеребе тарту рәсімі өтті деп хабарлайды Vesti.kz. Осылайша Қазақстан құрамасының спортшылары алғашқы қарсыластарын анықтады.

Еске салайық, іріктеуден іркілмей өткен Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) және Надежда Рябецтер (75 келі) ел намысын қорғайтын болады.

Төменде отандастарымыздың анықталған қарсыластары:

Сәкен Бибосынов – Яникель Ривера (Пуэрто-Рико), 26 шілде

Серік Теміржанов – Ролан Гарос (Венгрия), 24 шілде

Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо (Перу), 25 шілде

Абылайхан Жүсіпов – қарсыласы кейін белгілі болады

Әбілхан Аманқұл – қарсыласы кейін белгілі болады

Бекзат Нұрдәулетов – қарсыласы кейін белгілі болады

Василий Левит –Эммануэль Рейес (Испания), 27 шілде

Қамшыбек Қоңқабаев –  Есри Рез Мустафа (Мысыр), 29 шілде

Надежда Рябец – Тамара Тибелт (Канада), 28 шілде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1923531-qazaqstandyq-bokssylar-olimpiadadagy-algasqy-qarsylasyn-anyqtady/