Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СOVID-19: Олимпиада ашылуынан бір күн бұрын Токиода жаңа антирекорд тіркелді

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып кетті
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Токио қалалық әкімшілігі бейсенбі күні Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі алдында коронавирус инфекциясының 1979 жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл қаңтар айының ортасынан бастап коронавирусты жұқтыру саны бойынша рекорд болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұма күні жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. Қалада коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Мәліметтерге сәйкес, өткен аптада коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың саны 671-ге артты, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 55,7%-ға көп.

Орташа алғанда, қалада күніне 1373,4 жағдай тіркелген.

XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға ауыстырылды және қазір 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан ҰОК спортшылардың денсаулығын қадағалайтын мамандардан тұратын арнайы ғылыми-кешенді топ құрды.

Ұйым мүшесі Азамат Нұрматов Токиодағы қауіпсіздік ережелеріне түсініктеме беріп, спортшылардың денсаулық жағдайы қалай бақыланатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923533-sovid-19-olimpiada-asyluynan-bir-kun-buryn-tokioda-zana-antirekord-tirkeldi/

pixel