Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш дүркін әлем чемпионынан ұтылды": Елдос Сметов қола медальға таласады

Опубликовано:

Елдос Сметов пен Наохиса Такато
Елдос Сметов пен Наохиса Такато: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалында сүрініп, финалға шыға алған жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

60 келі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын.

Тартысты кездесудің негізгі уақытында қарсыластар бірін-бірі ала алған жоқ. Ал қосымша уақытта балуандар тағы бірнеше минут белдесіп, "ваззари" ұпайын алған жапондық балуан жеңіске жетті. Дзюдо ережесі бойынша, қосымша уақытта бірінші ұпай алған спортшы жеңімпаз атанады.

Осылайша, Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады. Оның кіші финалдағы қарсыласы - нидерландтық Торние Цжакадое.

Елдос Сметов - дзюдодан 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Еске салсақ, бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасында жеңіліп қалғаны белгілі болып отыр.

Одан бөлек, боксшы Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға жібергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден іріктеу сыны басталып, Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтағанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1923754-us-durkin-alem-cempionynan-utyldy-eldos-smetov-qola-medalga-talasady/

pixel