Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы жүлде": Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды

Опубликовано:

Елдос Сметов
Фото: olympic.kz / Жеңіс Ысқабай

Токио Олимпиадасында Қазақтан қоржынына алғашқы медаль түсті. Дзюдошы Елдос Сметов қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан қола медаль үшін өткен кездесуде Нидерланд елінің спортшысы Торнике Цакаджоені ұтты.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша уақытта Сметовтің жасаған әдісі есепке алынды.

Бұл Қазақстан командасының Токио ойындарындағы алғашқы жүлдесі. Елдос Сметов 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шыққаны туралы жазған едік.

Кейін ол Токио Олимпиадасының жартылай финалында сүрініп, финалға шыға алмай қалды. Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын.

Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасында жеңіліп қалғаны белгілі болып отыр.

Одан бөлек, боксшы Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға жібергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден іріктеу сыны басталып, Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтағанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1923760-algasqy-zulde-eldos-smetov-tokio-olimpiadasynyn-qola-medalin-zenip-aldy/

pixel