Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір дзюдошысы Олимпиаданы жеңіспен бастады

Опубликовано:

Жансай Смағұлов
Фото: Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күнінде ерлерден 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошы Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан бастады. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетяннан басым түсті.

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Десе де қосымша уақытта Жансай "ваззари" ұпайын еншілеп, қарсыласын жеңе алды.

Смағұловтың келесі қарсыласы канадалық Артур Маргелидон болмақ.

Еске салсақ, бұған дейін дзюдодан Токио Олимпиадасындағы екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының өкілі Ерлан Серікжанов жеңіліп қалғанын жазған едік.

Ал дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасында Қазақтан қоржынына алғашқы медальды тарту етті.

60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан қола медаль үшін өткен кездесуде Нидерланд елінің спортшысы Торнике Цакаджоені ұтты.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша уақытта Сметовтің жасаған әдісі есепке алынды.

Көп ұзамай Сметов олимпиададағы белдесуіне қатысты өз ойын айтқан болатын. Олимпиада жүлдегерінің айтуынша, ол Токио төрінен абыроймен оралу үшін бар күшін салған.

Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасында жеңіліп қалғаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1923902-elimizdin-tagy-bir-dzyudosysy-olimpiadany-zenispen-bastady/

pixel