Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезекті жеңіс: Қазақстанның бірінші ракеткасы Олимпиаданың үшінші айналымына өтті

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Фото: Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастырып, қарсыласынан басым түсті деп жазады Olympic.kz.

Елена Рыбакина екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған.

Рыбакина бірінші айналымда австралиялық Саманта Стосурмен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетсек, Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі.

Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.

Зарина Дияс алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан. Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды.

Одан бөлек, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Токио Олимпиадасындағы жекелей сында жеңіліс тапты.

Ол ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесуде Бублик 4:6, 6:7 есебімен қарсыласына жол берді. Енді Александр Бублик Токио ойындарын жұптық сында жалғастырады.

Сол арада, Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күнінде еліміздің тағы бір дзюдошысы жеңіске жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923904-kezekti-zenis-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-olimpiadanyn-usinsi-ainalymyna-otti/

pixel