Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосымша лицензия бөлінді: Олимпиадаға тағы бір қазақстандық спортшы барады

Опубликовано:

Виталий Худяков
Виталий Худяков. Фото: olympic.kz

Қазақстандық жүзуші Виталий Худяков Токио Олимпиадасына жолдама алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Худяков 2019 жылы ашық суда жүзуден Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Осы жетістіктің өзі Олимпиадаға баруға мүмкіндік береді. Алайда қазақстандық жүзушінің лицензиясы тура Олимпиаданың ашылу салтанаты алдында рәсімделді. Оған қосымша жолдама бөлінді. Енді Худяков Жапония астанасына аттанады.

"Қазақстандық жүзуші 28 шілдеде олимпиадалық команданың екінші бөлігімен бірге Токиоға барады", – делінген қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Виталий Худяков қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубында жаттығады. Өткен жылы ол бірінші болып Ыстық көлді жүзіп өтті. Қазақстандық спортшы 56 шақырымды 13 сағат 18 минутты еңсерді.

Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасына жүзуден екі спортшы аттанған болатын. Олар – Дмитрий Баландин мен Диана Назарова. 24 шілде күні Баландин 100 метр қашықтыққа брасспен жүзу жарысына қатысты. Бірақ жартылай финалға шыға алмады.

Еске сала кетейік, Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы ұсынған болжамға сәйкес, "Непартак" тайфуны Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Жапонияның астанасы Токиоға жақындап келе жатыр, салдарынан қатты жаңбыр мен алып толқын болады деп күтілуде.

Бұған дейін Токиодағы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың қазақша стильдегі көйлегі әлем жанкүйерлерінің жоғары бағасына ие болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923949-qosymsa-licenziya-bolindi-olimpiadaga-tagy-bir-qazaqstandyq-sportsy-barady/

pixel