Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрын допингпен ұсталған Зүлфия Чиншанло Қазақстанға кезекті қоланы сыйлады

Опубликовано:

Тяжелоатлетка Зульфия Чиншанло
Зульфия Чиншанло. Фото: Photo by VINCENZO PINTO/AFP via Getty Images

Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үздік үштікке енді. Чиншанло қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды.

Төрешілер оның үш мүмкіндігін есепке алмады, ал соңғы мүмкіндігіне шығудан ол бас тартты. Себебі, қарсыластарын қуып жету мүмкін емес еді.

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин, күмісті Қытай спортшысы иеленді.

Айта кетелік, Зүлфия Чиншанло Қазақстан командасында Қытайдан келген легионер спортшы. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Алайда, кейін оның допинг сынамасынан тыйым салынған заттар табылып, спортшы атағынан айырылды.

Зүлфия төрт жыл бойы ірі жарыстардан шеттетіліп, үлкен спортқа 2018 жылы оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924042-buryn-dopingpen-ustalgan-zulfiya-cinsanlo-qazaqstanga-kezekti-qolany-syilady/

pixel