Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жапаров Токио Олимпиадасында әлем чемпионын жарыс жолынан шығарды

Опубликовано:

Тхэквондист Руслан Жапаров
Руслан Жапаров. Фото: Photo by Maja Hitij/Getty Images

Токио Олимпиадасында таеквондодан бәсекелер өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманды 11:7 есебімен ұтты. 

Руслан Жапаров келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездеседі.

Еске сала кетсек, Токиодағы Олимпиада ұйымдастырушылары жүлдегерлерге марапаттау рәсімінде суретке түсу үшін 30 секундқа маскаларын шешуге рұқсат бергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

Теннис, әйелдер:

Елена Рыбакина - Донна Векич (Хорватя)

Басталуы: 11:00

Бокс, ерлер:

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) - Деланте Джонсон (АҚШ)

Басталуы: 14:15

Василий Левит (91 келі) - Эммануэль Рейес (Испания)

Басталуы: 15:51

Жүзу, 200 метр, брасс:

Дмитрий Баландин

Басталуы: 16:53

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924135-ruslan-zaparov-tokio-olimpidasynda-alem-cempionynyn-zarys-zolynan-sygardy/

pixel