Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды деп жазады Olympic.kz. 

Рыбакина үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Векич өз кезегінде әлем үздіктерінің бірі Алина Соболенконы ұтқан болатын. 

Елена мен Донна арасындағы кездесу 1 сағат 41 минутқа созылып, Рыбакина 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Ертең Елена Рыбакина испаниялық Гарибиен Мугурусаға қарсы матч өткізеді. 

Еске сала кетсек, бүгін теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жарысты аяқтады.

Ол АТР рейтингінде 66-шы орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын. 

Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді.  Илья Ивашко қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. 

Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924259-elena-rybakina-tokio-olimpiadasynyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel