Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші жеңіліс: Боксшы Серік Теміржанов америкалықтан таза ұтылып, жарысты аяқтады

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасының үшінші өкілі жеңіліс тапты. Бұл жолы павлодарлық Серік Теміржанов келесі кезеңге өте алмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бокстан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Серік Теміржанов жұдырықтасқан болатын. Олимпиаданың бірінші айналымында венгр боксшысын сенімді жеңген Теміржанов 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездесті.

Алайда, тәжірибелі америкалық боксшы Серікті оңай ұтты. Кездесу барысында бес төреші де жеңісті Реганға берген.

Осылайша, Дюк Реган қазақстандық спортшыларда кеткен есесін қайтарды. Ол 2017 жылы Германияда өткен бокстан әлем чемпионатының финалында қазақстандық Қайрат Ерәлиевтен ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.

Токио Олимпиадасында үш қазақстандық боксшы жарысты аяқтады. Олар - Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Василий Левит (91 келі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924324-usinsi-zenilis-bokssy-serik-temirzanov-amerikalyqtan-taza-utylyp-zarysty-ayaqtady/

pixel