Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болар іс болды": Еліміздің бокстан бас бапкері спортшылардың жаппай жеңілісіне пікір білдірді

Опубликовано:

Ғалымжан Кенжебаев
Ғалымжан Кенжебаев. Фото: Владислав Семенов / Қазақстан ҰОК

Қазақстанның бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Токио Олимпиадасының 1/8 финалында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовтің ресейлік боксшы Имам Хатаевтан жеңілу себебін айтты. Сондай-ақ Кенжебаев Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит және Серік Теміржановтың жеңіліске ұшырауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz.

"Бекзад төрешілер есептеген соққыларды өткізіп алды. Кездесу, әрине, қиын өтті. Бірінші раундты жіберіп алды, екіншісін жеңді, үшінші раунд тең болды... Ресейлік Бекзадтың мықты қарсыластарының бірі. Мұнда оңай қарсылас деген жоқ. Мен бұл жекпе-жекті қатты уайымдадым", - деді ол.

Бас бапкердің сөзінше, Нұрдәулетов қарсыласының соққысын байқамаған, ол оң қолын бақылауда ұстауы керек еді.

Ғалымжан Кенжебаев Василий Левиттің испаниялық Эммануэль Рейестен нокаутпен жеңілуіне қатысты да пікір білдірді.

"Болар іс болды. Соққы жіберіп алды. Спортшыда кері процесс басталған секілді. Иорданиядағы турнирден кейін өз қалпына келе алмады. Физикалық және психологиялық тұрғыда мәселелер болды. Бұл рөл ойнады деп ойлаймын", - деді Кенжебаев.

Сонымен бірге, тағы бір отандасымыз Абылайхан Жүсіпов те америкалық қарсыласына есе жіберді. Айтуынша, Абылайхан барынша тырысқан, дегенмен кейбір соққыларды көрмей қалып, жіберіп алған.

Одан бөлек, бас бапкер әлем чемпионатының финалисінен жеңіліс тапқан Серікжан Теміржанов туралы да айта кетті.

"Серік өзінің боксын, қолынан не келетінін көрсетті. Серік әлі мұндай боксшылармен бәсекеге түсетіндей дәрежедегі боксшы емес. Оның салмақ дәрежесі 57 келі. Ол кейінгі жылы Қазақстан чемпионы атанған, бірақ оның салмақ дәрежесі өте қиын", - дейді Ғалымжан Кенжебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924383-bolar-is-boldy-elimizdin-bokstan-bas-bapkeri-sportsylardyn-zappai-zenilisine-pikir-bildirdi/

pixel