Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Левитті еш кінәлауға болмайды": Ермахан Ыбырайымов Токиода жеңілген боксшылардың ойынына баға берді

Опубликовано:

Ермахан
Фото: olympic.kz

"Алматы" олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ыбырайымов Токио Олимпиадасында жеңіліс тапқан боксшыларымыздың ойынына талдау жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Олимпиада ойындарындағы спортшыларға алдағы уақытта тек қана жеңіс тілей отырып, 91 келідегі Василий Левиттің ойынына тоқтала кетейін.

Василий Левит екінші раудта испаниялық спортшының соққысынан қатты нокдаун алды. Бұл ойынды өте жақсы бақылап отырдым. Рингтегі төреші бірінші соққыдан кейін-ақ ойынды бірден тоқтатып, нокдаун санау керек еді. Рингтегі төреші сол сәтті жіберіп алды және қарсыласына тағы соққы жасауына мүмкіндік берді. Бұл жерде бірінші кезекте рингтегі төрешіні кінәлар едім", - дейді Олимпиада чемпионы Орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

Сонымен бірге, Ермахан Ыбырайымов Левиттің қарсыласы Эммануэль Рейес Планың Испанияның емес, Кубаның боксшысы екенін атап өтті.

"Ол Испанияның азаматтығын қабылдап, сол елдің атынан шығып жатыр. Сондықтан бұл осал емес, өте мықты боксшы. Василий Левитті еш кінәлауға болмайды, ол бар күшін салды. Енді Левитке айтарымыз, еш еңсесін түсірмей, келесі жарыстарға жақсылап дайындалуы керек", - дейді Ыбырайымов.

Олимпиада чемпионы 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан Жүсіповке тым көп жауапкершілік артылды деп есептейді.

"Абылайхан Жүсіпов пандемия кезінде бір жыл бойы Олимпиада ойындарын күтті. Бұл психологиялық тұрғыда өте ауыр. Содан кейін 69 келі салмақ қазақтардың салмағы болып саналды. Одан "алтын" алу парыз сияқты көрінетін.

Қанша дегенімен жас боксшы осындай үлкен жауапкершілікті көтере алмады, ойында өте сылбыр ойнады, созған қолымен соққы жасамады, қашықты сезінбеді. Тек төбелесе берді, аяқ жағында америкалық боксшыдан жеңіліп қалды. Ең басты себеп – үлкен жауапкершілікті көтере алмағаны", - дейді Ермахан Ыбырайымов.

Ыбырайымовтың сөзінше, алғашқы кездесуде жеңіліс тапқан тағы бір боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов психологиялық тұрғыда өз-өзін ұстай алмаған.

"Бекзат Нұрдәулетов созған алдыңғы қолымен мүлдем ойнамады. Өздеріңіз көрдіңіздер, ресейлік қарсыласының бойы әлдеқайда қысқа, оны алыстан-ақ ұрып тастауға болар еді. Оны Санкт-Петербург қаласындағы жарыста жеңген еді.

Бұл жерде тағы айтарым, Олимпиадада психологиялық тұрғыда өз-өзін ұстай алмады, сөйтіп жеңілді. Өте өкінішті. Бірақ Қазақстаннан әлі төрт бокшысы шығады. Сондықтан, қалған боксшыға сенім артамыз және әлі де Қазақстан боксшылары алтын-күміс әкеледі деген сеніміміз мол", - дейді Сидней Олимпидасының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924626-ermaxan-ybyraiymov-olimpiadada-zenilgen-bokssylardyn-oiynyna-taldau-zasady/

pixel